Тәтті Елес 甜美的回忆 (Live)
  歌手:迪玛希Dimash
  所属专辑:迪玛希BASTAU哈萨克斯坦演唱会
  发行时间:2018.07.13
  发行公司:黑金方圆
Тәтті Елес 甜美的回忆 (Live) - 迪玛希Dimash
词:Саят Әбенов
曲:迪玛希
Көз алдымда жарқ еткен сол бейнең
Айналып кетті сағымға
Сол бейнеңді қайтадан көрмей мен
Таппайды тағат жанымда
Көремін' деген үмітім бекер ме
Қайтсем де іздеп табайын
Ай сәулесі болсаң сен егер де
Көл бетін түнде қарайын
Жүрегіме жұбаныш тәтті елес
Елестету де бір бақыт
Сол бір сәтке жетпейді сәттер еш
Өтсе де зулап уақыт
Сан қырларға сезімім салғандай
Ұсынам қашан өзіңе
Жүрегімнің жарасын тырнамай
Көрінші бір сәт көзіме
Сол бір бейнең есімнен кетпеді
Жанымда осы қалған сыз
Күннің нұры болсаң да көктегі
Жұтар ем нұрын армансыз
Үмітімнің кілті ол тек сенде
Тәтті елесімсің себебі
Мейлі мені көрмей ақ өтсең де
Мен сені көргім келеді
Жүрегіме жұбаныш тәтті елес
Елестету де бір бақыт
Сол бір сәтке жетпейді сәттер еш
Өтсе де зулап уақыт
Сан қырларға сезімім салғандай
Ұсынам қашан өзіңе
Жүрегімнің жарасын тырнамай
Көрінші бір сәт көзіме
Жүрегіме жұбаныш тәтті елес
Елестету де бір бақыт
Сол бір сәтке жетпейді сәттер еш
Өтсе де зулап уақыт
Сан қырларға сезімім салғандай
Ұсынам қашан өзіңе
Жүрегімнің жарасын тырнамай
Көрінші бір сәт көзіме
Жүрегімнің жарасын тырнамай
Көрінші бір сәт көзіме

  • 最新发布专辑推荐
←回首页  m.geci9999.com   回顶部 ↑
流行歌曲歌词免费下载 电脑版